Қалған шаһарларда метеорологиялық жағдай қалыпты
Бүгін еліміздің екі қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-не сілтеме жасап.
«Қазгидромет» мәліметінше, 2024 жылғы 11 мамырда Ақтөбе, түнде Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.