Жарты сағатта екі бала терезеден құлап кетті – ҚР ТЖМ

Автор: Azattyq Rýhy

ТЖМ қауіпсіздік шаралары туралы мәлімдеді

Коллаж: Azattyq Ruhy

Еліміздің екі өңірінде жарты сағаттық интервалмен екі бала терезеден құлап кетті. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бірінші жағдай Қарағанды облысының Шахтинск қаласында болды.

5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтердің терезесінен екі жасар қыз бала құлап түсті. Жарақат алған бала ауруханаға жатқызылды.

Екінші жағдай Семей қаласында болды, онда 3 жасар қыз бала 2-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Екі жағдайда да балалар ересектердің қарауынсыз қалған.

ТЖМ еске салады:

  • Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
  • Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған;
  • Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.