Семейде алты адам мінген лифт шахтаға құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: Абай облысы ПД

Семейде көпқабатты үйлердің бірінде алты адам мінген лифт шахтаға құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қала әкімдігінің мәліметінше, лифт мінген адамдарды көтере алмаған. Алты адам да зардап шекті.

«Сағат 11:40 шамасында лифтке алты адам кіргені анықталды. Рұқсат етілген шекті салмақтан асып кеткендіктен, лифт кабельдері ұстап тұра алмай, кабина шахтаға құлап кетті», - деді Семей әкімдігі.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Оларға медициналық көмек көрсетіледі. Оқиғадан қаза тапқандар жоқ. Қала әкімі қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Абай облыстық полиция департаментінде лифт құлауына байланысты адамдардың жарақаттануы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын нақтылады. Сонымен қатар, қалада мессенджерлер арқылы аудио хабарлама тарағаны, онда зардап шеккендердің бірі қайтыс болғаны айтылады. Алайда Полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Қазіргі уақытта ауруханаларда алты зардап шеккен адам бар. Лифтте қаза тапқандарға қатысты WhatsApp чаттарында таратылатын ақпарат шындыққа жанаспайды», - деп хабарлады облыстық ПД.

Полицейлер жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді және азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады.