Қонаевта көлігіне итті байлап сүйреген адам жауапқа тартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Алматы облысының полициясы болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді

Фото: Видеодан скриншот

Қонаевта көлігіне итті жіппен байлап сүйреген адам ұсталып, жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Видео әлеуметтік желіде жарияланды. Авторы оқиғаның Қонаев қаласында болғанын айтты.

Алматы облысының полициясы болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Құқық бұзушыны қалалық полиция қызметкерлері анықтап, ҚР ӘҚБтК-нің 407-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар, ер адаммен мұндай фактілерге жол бермеу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді», - деп хабарлады полиция.

ПД пост авторына белсенді азаматтық ұстанымы және құқық қорғау органдарына құқық бұзушылықтарды анықтауға көмектескені үшін алғысын білдірді.