Арзан көлік, қолжетімді баспана: Қостанайда алаяқ бірнеше жылға сотталды
Ол 8 адамға 30 теңге шығын келтірген
Қостанайда халыққа арзандатылған бағамен кепілге пәтер мен үй алып беруді уәде етіп, алдап кеткен әйел адам сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Клиенттер жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін жазбаша келісімдер жасап, қаражат аударған.
Қостанай қаласының №2 сотында алаяқтың қылмыстық әрекеті нәтижесінде 8 жәбірленушіге жалпы сомасы 30 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілгені айтылды.
Сотта ол өз кінәсін мойындап, оны бас бостандығынан айырмауды сұрады.
Жазаны тағайындау кезінде сот жеңілдететін мән-жайлар ретінде шын жүректен өкінуді, кінәсін толық мойындауды және келтірілген зиянды өз еркімен өтеуді ескерді. Ешқандай ауырлататын мән-жайлар табылған жоқ.
Сот айыпталушыны жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату және жалға беру кезінде медиация тәртібімен айналысу құқығынан айыра отырып, 4 жылға бас бостандығын шектеуге, сонымен қатар 4 жыл мерзімге бүкіл мерзімге пробациялық бақылау орнатуға үкім етті.