Ол судағы допты алып шықпақ болғанда балшыққа батып қалған
Астанада полиция қызметкері балшыққа батып қалған баланы құтқарып қалды. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Аталмыш сайттың мәліметінше, 7-8 жастағы балалар су маңында ойнап жүрген. Балалардың бірі судағы допты алып шықпақ болып, балшыққа батып қалған. Мұны көрген екінші бала айқайлап, көмекке шақырған.
ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызмет инспекторы Сұлтан Орынбек жедел әрекет етіп, баланы балшықтан алып шықты.