Қылмыстық іс қозғалды: Өзбекстанмен шекаралас ауылда жаппай төбелес болды

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция оқиғаға қатысты түсініктеме берді

Фото: Видеодан скриншот

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында жаппай төбелес болды. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Әлеуметтік желіде тараған видеоға мән берсек, бірнеше ер адамның төбелесіп жүріп көргенін көруге болады. Сол сияқты олар бір-бірін ұруға арналған ағаштармен соққыға жығып, аяусыз тепкілеп жатқаны байқалады.

Видео авторының айтуынша оқиға Атакент ауылындағы көшелердің бірінде болған.

Түркістан облысының полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Түркістан облысының полициясы Мақтаарал ауданының ауылдарының бірінде бір топ жастың бұзақылық әрекетін тоқтатты. Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды. Барлық жағдайлар анықталып жатыр», - делінген хабарламада.