ОКҚ ресми аккаунттары мен Qoldau.gov.kz онлайн-ресурстары ақпарат тарату бойынша өз жұмысын жалғастырады
22 наурыздан бастап ОКҚ базасында Республикалық ақпараттық штаб құрылды. Сол уақыттан бері ақпараттық алаңда 200-ден астам онлайн-брифинг өткізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ОКҚ-ға сілтеме жасап.
6 сәуірде жедел ақпарат тарату шеңберінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, волонтерлік ұйымдардың, қоғамдық штабтардың және т.б. қатысуымен күн сайын брифингтер өткізіле бастады.
«Ақпараттық штаб аясында 218 онлайн-брифинг өткізілді. Республикалық штаб ОКҚ ресми аккаунттары мен Qoldau.gov.kz онлайн-ресурстары арқылы ағымдағы ахуал, қалпына келтіру жұмыстарының барысы, халыққа қолдау көрсету және өзге де мәселелер туралы ақпарат тарату бойынша өз жұмысын жалғастырады», - деп хабарлады штаб.