Су басқан өңірлерде 5,4 мың адам үйлеріне орала алмай отыр

Автор: Azattyq Rýhy

Атырау облысында ұзындығы 345 км бөген салынды

Көрнекі фото: БҚО әкімдігі

Атырау облысында Жайық өзені су деңгейіне мониторинг, су басқан үйлерден су сору жұмыстары тәулік бойы жалғастырылуда. Бұл туралы ТЖМ өкілі Асқар Шәріп ОКҚ алаңында өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Атырау қаласында және Құрманғазы ауданында ұзындығы 345 км бөген салу жұмысы жүргізілді», - деді спикер.

Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар Қызылжар ауданының Прибрежное ауылының тұрғындарына азық-түлік жеткізуде. Қостанай облысы ТЖ департаментінің күштері мен құралдары Петропавл қаласының Подгора шағын ауданында су тасқынына қарсы жұмыстарға кірісті.

Республика бойынша 9 660 тұрғын үй мен 3 213 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 16,4 млн еріген қар суы сорылды. 50 670 адам өз үйлеріне оралды. 5 436 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда.