$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

10 жасар қыз бала үш жылдан бері далада түнеп жүр

Қыста ауа температурасы минус 30 градусқа дейін төмендейді

10 жасар қыз бала үш жылдан бері далада түнеп жүр
Фото: Bild

Норвегияда 10 жасар қыз бала үш жылдан бері көшеде ұйықтап жүр. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Коронавирус пандемиясы кезінде Норвегияның Тромсо қаласындағы мектеп мұғалімі сыныбындағы оқушыларға гамакта ұйықтауға кеңес береді. Оқушысы Йорген Х. ұстазының кеңесін орындайды, артынша әпкесі Мари де қасына қосылады. Алайда, Йорген бірнеше күннен кейін бұл ойынан бас тартады, ал Мари далада ұйықтауға үйреніп алады.

Қазір 10 жасар Мари үш жылдан бері террассада ұйықтап жатыр. Қыста Тромсодағы температура минус 30 градусқа дейін төмендейді, бірақ бұл да оған кедергі болмайды.

«Ол үнемі далада түнейді, тіпті қатты желде де ұйықтай береді. Кейде таңертең оны жылы көрпесін басып қалған қардың арасынан шығару үшін сыпырғышты қолдануыма тура келеді», - дейді Маридің анасы.

Ата-анасының айтуынша, ол далада ұйықтауды бастағанға дейін жиі ауыратын. Ал қазір өзін әлдеқайда жақсы сезінеді.

«Әкем бұлан аңы үйге онша жақындамайтынын айтты. Ал сенімді серігім болып кеткен итім Бивди ылғи қасымда және тыныштығымды күзетіп отырады. Бөлмеде ұйықтағым келмейді. Мен сыртта төсек салып, кітап оқимын. Осылайша мен жақсырақ ұйықтаймын», - дейді мектеп оқушысы.

Серіктес жаңалықтары