Семейде көппәтерлі үйден өрт шығып, 11 отбасы баспанасыз қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға орнынан 39 адам эвакуацияланған

 

Семей қаласындағы көппәтерлі тұрғын үй отқа оранды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі. 20 сәуір түнгі сағат 02.00 шамасында Мелькомбинат көшесіндегі екіқабатты тұрғын үйде өрт шыққаны жайлы хабар түскен. Анықталғандай 18 пәтерлі үй төбесінің ағаш құрылымдарын жалын шарпыды. Салдарынан екінші қабаттағы 4 пәтердің төбесі құлаған. Тілсіз жаудың жалпы аумағы 250 шаршы метрді құрады.

«Сол жерден 39 адам эвакуацияланды, оның ішінде 9 бала бар. Зардап шеккендер болған жоқ. Бұл үйде 41 адам тұрады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өрт сағат 05.28-де толықтай сөндірілген. ТЖБ өкілдерінің дерегінше, тілсіз жаудың кесірінен қазіргі уақытта 11 отбасы баспанасыз қалған.

 

Тегтер: