Қазақстанда коронавирусты анықтайтын 6 мың тест шығарылады

Автор: Azattyq Rýhy

Отандық ғалымдар тест жүйесін әзірлеуде

Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық биотехнология орталығы мамыр айында 6 мыңға жуық дана тест шығаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

«Бұл жүйе полимеразды-тізбекті реакция (ПТР) арқылы адамның бойында қауіпті індеттің бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді. COVID-19 анықтауға арналған қазақстандық тест жүйесі тексерістен өтіп, отандық ғалымдар әзірлеген құрылғы барлық стандарттарға сәйкес екендігі дәлелденді», - делінген хабарламада.

Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша бүгінде орталық әзірлеген тест жүйесі одан әрі жетілдіру үстінде.