5 науқас сауығып, ауруханадан шықты
Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған 5 науқас сауығып, ауруханадан шықты, деп хабарлайды www.coronavirus2020.kz cайты.
⠀
20 сәуір сағат 20:00-дегі жағдай бойынша елімізде жалпы 447 адам үйлеріне шықты, оның ішінде:
Нұр-Сұлтанда – 188, Алматы қаласында – 88, Солтүстік Қазақстан облысында – 25, Ақтөбе облысы – 9, Жамбыл облысында -11, Павлодар облысында- 1, Алматы облысында - 9, Қарағанды облысында - 13, Шымкент қаласында – 15, Атырау облысында - 23, Батыс-Қазақстан облысында -2, Маңғыстау облысында -2, Ақмола облысында – 18, Қызылорда облысында – 25, Түркістан облысында – 13, Шығыс Қазақстан облысында- 3, Қостанай облысында -1 адам.