Су тасқыны болған өңірлерде 48 мыңнан астам адам өз үйіне оралды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта 5993 адам әлі эвакуациялау пункттерінде

Фото: t.me/qr_tjm

ОҚК алаңында су тасқыны бойынша соңғы деректер жарияланды. Ресми дерек бойынша, республика бойынша 48 461 адам өз үйіне оралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазіргі уақытта 5993 адам әлі эвакуациялау пункттерінде.

Республика бойынша 7763 жеке тұрғын үй мен 2874 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды.