Алматыдағы «Атакент» көрме кешенінің павильоны өртенді

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттен құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Фото: t.me/qr_tjm

Алматылық өрт сөндірушілер «Атакент» көрме кешенінің павильонындағы  кәсіпкерлердің мүлкін өрттен қорғап қалды. Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

1 мамырда сағат 22:12-де ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі шақыру бойынша Бостандық ауданы, Тимирязев к-сі, 42 үй, 7А павильонына мекенжайына жіберілді. 

«Барлау барысында газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары павильонның екінші қабатында s= 60 ш. м. Шарпыған өрт ошағын жедел анықтады. Жоғары өрт жүктемесін (аумағы s=14 мың ш.м қойманың іші тауарлық-материалдық құндылықтарына лық толтырылған ), сондай-ақ көк түтінді ескере отырып, бірнеше өрт оқпандары дереу енгізілді және АД-120 түтін шығаратын өрт сөндіру машинасы іске қосылды. Қабылданған шаралармен өрт 35 минут ішінде оқшауланып, 22-57-де жойылды. Абырой болғанда, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген ТЖД хабарламасында.

Жедел шақыртуға жеке құрамынан 57 л/с, 18 ТЖД техникасы, қаланың өзара іс-қимыл қызметі жұмылдырылды.