Бір топ әуесқой археолог Герман Герингке тиесілі үйден бес қаңқа тапты
Адольф Гитлердің Польшадағы бұрынғы «Қасқырлар ұясы» штаб-пәтері орналасқан жерден бес адамның қаңқасы табылды. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл үй нацистік Германия билігінің тағы бір өкілі Герман Герингке тиесілі болған. Бұл үйдің қирандылары жақсы зерттелген деп саналады. Алайда Польша мен Германияның әуесқой археологтары осы жерден ескі еден жабындарын іздегенде он сантиметрдей тереңдікте адамның бас сүйегіне тап болды.
Зерттеу барысында үш ересек адамның, жасөспірім мен сәбидің сүйегі табылды. Барлық қаңқалардың аяқ-қолдары жоқ болатын.
«Мүмкін, бұл Герман Герингтің үйінде жер астында жерленген отбасы шығар», - деп жазады Der Spiegel.
Бұл қалдықтардың не екені және олардың Герингтің үйінде қашан болғаны әлі белгісіз. Поляк прокурорлары олардың шығу тегін, сондай-ақ бұл адамдарды өлтірудің нацистерге қатысы бар-жоғын анықтауға ниетті.