Палестинада студенттер Еуропа Одағының делегациясына наразылық білдірді

Azattyq Rýhy

Кездесу «қауіпсіздік мақсатында» тоқтатылып, делегация Иерусалимге аттанды

Палестинада студенттер Еуропа Одағының делегациясына наразылық білдірді
Фото: aa.com.tr

Палестиналық студенттер Еуропа Одағына делегациясына наразылық білдіріп, Батыс жағалаудағы отырысқа кедергі келтірді. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу Палестинаның Рамалла маңындағы Бирзейт университетінің ғимаратында өтуі керек еді. Желіде еуропалық дипломаттардың қашып бара жатқаны, жұрт қуғанын және араб тілінде балағат сөздер естілгенін көрсететін видеолар таралып жатыр.

Наразылық білдірушілер дипломаттардың көлігін қоршап алып, шатырды бүлдіріп, сол жақ айнасын жұлып алып, топ аймақтан кеткенше көліктің артынан қуды.

Әлеуметтік желідегі видеода топтан қашып бара жатқан дипломат Германияның Израильдегі елшісі Штеффен Зайберт екені, бірақ оның кездесуге қатыспағаны айтылады.

Кездесу «қауіпсіздік мақсатында» тоқтатылып, делегация Иерусалимге аттанды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.