Жайық өзенінің деңгейі тағы көтерілді
Атырау қаласында жаға бекіту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық ТЖД Қоғаммен байланыс тобына сілтеме жасап.
«Жайық өзенінің деңгейі бүгін, 30 сәуірде 4 сантиметрге көтеріліп, су деңгейінің жалпы көлемі 446 см-ге жетті.
Су басу қаупінің алдын алу мақсатында, Атырау қаласында жаға бекіту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі күні 113 учаскеде 243,6 шақырым бөгет тұрғызылып, топырақ толтырылған қап төсеу жұмыстары жалғасуда», - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта өңірдегі ахуал тұрақты, жіті бақылауда.