Астанада әскерилендірілген темір жол күзетінің бұрынғы қызметкерлері сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Сотталушылар кінәларын мойындамай, өздерін ақтауды сұрады

Фото: istockphoto.com

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында мекемеге аса ірі мөлшерде зиян келтірді деп айып тағылған «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС-ның бұрынғы қызметкерлеріне қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сотта Н-ның ЖШС бас директоры бола отырып, бас директордың орынбасары М-мен және бас менеджер С-мен алдын ала сөз байласып, бейнебақылау жүйесіне арналған жабдықтар кешенін сатып алуға арналған 159 млн теңгеден астам аса ірі мөлшердегі мекемеге тиесілі ақшалай қаражатты иемденгені анықталды. Сондай-ақ, Н. өз өкілеттігін асыра пайдаланып, С-ны ЖШС-нің құрылымдық бөлімшесіне көлік жүргізушісі ретінде жұмысқа орналастырып, өзінің жеке мақсаттары үшін пайдаланған. Осылайша, жалақы түрінде төленген 1,5 млн теңгеден астам сома көлемінде ЖШС-ға залал келтірілген.

Прокурор сотталушыларға 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушылар кінәларын мойындамай, өздерін ақтауды сұрады.

«Жәбірленушінің өкілі соттың қалауы бойынша жаза тағайындауды, сондай-ақ азаматтық талапты қанағаттандыруды сұрады. Айыпталушылардың кінәсі ЖШС қызметкерлерінің куәгерлерінің айғақтарымен, аудиторлық қорытындылармен, сараптамалармен, сондай-ақ қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді», - делінген хабарламада.

Сот үкімімен Н. ҚР ҚК-нің 189-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы және 361-баптың 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. М. және С. ҚК-нің 189-бабы, 4-тармағы, 2-тармақшасы бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда белгiлi бiр лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жәбірленуші тараптың азаматтық талабы келтірілген залал сомасы шегінде кінәлі адамдардан ынтымақты тәртіпте өндіріп алынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.