Жер сілкінісі мегаполистен 270 шақырым жерде тіркелді
Қазақстандық сейсмологтар Алматының оңтүстік-шығысында тағы бір жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан ТЖМ ғылыми орталығының сейсмикалық станциялары желісінің мәліметі бойынша, 29 сәуір күні сағат 17: 06-да Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде - Қытай аумағында жер сілкінісі болды.
Сейсмологтар бұл құбылысты афтершок деп атады.
Қазақстан аумағында жер асты дүмпулері сезілмеді.