Бұған дейін көліктерге Үлкен Алматы көліне кіруге тыйым салынған болатын
Бақытжан Сағынтаев Үлкен Алматы көліндегі жолдың жағдайын тексерді. Тексеру қорытындысы бойынша, әкім табиғи қорықтың экожүйесін сақтау қажеттігін айтты. Қала басшысы Үлкен Алматы көлі мыңдаған туристерді, қала тұрғындары мен қонақтарын тарту орны болып табылатынын атап өтті.
«Көлдің экожүйесіне жүктемені азайту үшін экоавтобустарды іске қосу және жеке автокөліктердің жүруін шектеуді қарастырамыз. Біздің мақсат – Үлкен Алматы көлінде демалуды қауіпсіз, жайлы әрі экологияға зиян келтірмейтіндей ету», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram – дағы жеке парақшасында.