Қытайда мектеп мұғалімі Бернулли заңын түсіндіру үшін «сиқырлы сақина» жасады

Автор: Azattyq Rýhy

Бернуллидің ауа қысымы заңы авиацияда кеңінен қолданылады

Қытайда мектеп мұғалімі оқушыларға Бернулли заңын түсіндіру үшін «сиқырлы сақина» жасап шығарды. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фучжоудағы мектептердің бірінде физика пәнінің мұғалімі шарларды ұстап, оларға шаш кептіргіш арқылы ауа ағынын бағыттайды. Олар осыдан кейін ауада айналатын «сиқырлы сақина» түзеді. Балалар шеңбер бойымен қуана жүріп өтті.

Мұғалім оқушыларға Коанда эффектісі мен Бернуллидің ауа қысымы заңын осылай түсіндірді. Бүгінде олар авиацияда кеңінен қолданылады.