Республика бойынша жел күшеюі мүмкін
«Қазгидромет» РМК бүгінге, 28 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Болжамға сәйкес, атмосфералық фронтальды бөліктердің жүруіне байланысты Қазақстанның солтүстік және оңтүстік өңірлерінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Бұл аймақтарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірдің таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады.
Еліміздің батысына, шығысында, орталығында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшеюі мүмкін, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұршақ түседі, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-шығысында тұман болады деп болжанады. Түнде Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында -2°С суық болады.
Ал Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Қызылорда қаласының орталығында және оңтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.