30 жылдан астам уақыт жасырынып жүрген күдікті Павлодар облысында ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол қарақшылық жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуге жариялаған

Екі күнде Павлодар облысы полиция департаментінің жедел уәкілдері жасаған қылмыстары үшін іздеуде жүрген 11 адамның орналасқан жерін анықтады. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«1991 жылы Қырғызстанның Ыстықкөл облысының аумағында зорлық жасаған ер адам облыс орталығында ұсталды. Ресей Федерациясының Түмен қаласында біздің қаламызда қарақшылық жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуге жариялаған күдікті құрықталды», – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.