Павлодар облысында автокөлікке газ құю станциясында тұрмыстық газ баллонын толтырған

Автор: Аманалина Тоғжан

Тұрмыстық газ баллонын құйған тұрғын жазаланады

Фото: istockphoto.com

Павлодар облысында автокөлікке газ құю станциясында тұрмыстық газ баллонын толтырған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22 сәуір күні шамамен сағат 16:45-те облыстық ТЖД пультіне автокөлікке газ құю станциясында тұрмыстық газ баллонын құю жүргізіліп жатқандығы туралы хабарлама келіп түскен.

«Хабарлама Павлодар қаласы ТЖБ КАЖ-да тіркелді. Тексеріс нәтижесінде заңды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Бұл жағдай өрт қауіпсідік ережелерін бұзып, тұрғындардың өміріне және денсаулығына қауіп төндіреді, - деді департаментте.