Қазіргі таңда республикалық жолдарда 306 бірлік техника мен 411 адам жұмылдырылған
Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстанр облыстарында республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолы шектелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy QazAvtoJol-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан СҚО мен Қостанай облыстарында 4 автожолда жалпы ұзындығы 4300 метр болатын су тасқыны болған.
«Салдарынан 4 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолында (ұзындығы 463 км) қозғалысқа шектеу қойылды.
Қазіргі таңда республикалық жолдарда 306 бірлік техника мен 411 адам жұмылдырылған», - деп жазылған хабарламада.