Елімізде арнайы ХҚКО-ның деректер базасы істемей тұр

Автор: Аманалина Тоғжан

Жұмысты қалпына келтіру үшін тиісті процедуралар жүріп жатыр

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

22 сәуірде арнайы ХҚКО-да техникалық ақауға байланысты жүргізуші куәлігін алу мен көлікті қайта тіркеу қызметтері уақытша тоқтап тұр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы жұмысты қалпына келтіру үшін тиісті процедуралардың жүріп жатқанын хабарлады.

«Еліміздің барлық мамандандырылған ХҚКО-ларында жүйенің уақытша дұрыс жұмыс істемеуі байқалады. Осыған байланысты жүргізуші куәліктерін беру және көлік құралдарын тіркеу бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуде проблемалар туындауы мүмкін. Жауапты мамандар қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.