Қазақстандық спортшы Әлімхан Сыздықов Париж Олимпиадасына лицензия жеңіп алды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында өнер көрсетті

Фото: Olympic.kz

Грек-рим күресінен қазақстандық палуан Әлімхан Сыздықов Олимпиада квотасы үшін сынға түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Ол Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында өнер көрсетті. 130 келіге дейінгі салмақтағы шешуші кездесуде Сыздықов қырғызстандық Роман Кимді жеңді.

Қазақстан үшін бұл бүгінгі күні грек-рим күресінен үшінші лицензия. Бірінші орынды Айдос Сұлтанғали (60 келі), екінші орынды Демеу Жадраев (77 келі) жеңіп алды.