$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Иракта әскери базалардың бірінде күшті жарылыс болды

Жарылыстан бір адам қаза тауып, бірнешеуі жараланды

Иракта әскери базалардың бірінде күшті жарылыс болды
Фото: Euronews

Иракта Иранмен байланысты әскери базада күшті жарылыс болды. Ирак армиясы оқиға кезінде аспанда ұшқышсыз ұшақтар мен әскери ұшақтардың болмағанын айтты. Ал АҚШ пен Израильдің жарылысқа қатысы жоққа шығарылады. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сенбіге қараған түні Ирактағы әскери базада күшті жарылыс болып, құрамында Иран қолдайтын топтар бар Халықтық жұмылдыру күштерінің (Хашд аш-Шаби) бір мүшесі қаза тапты. Ирак армиясының хабарлауынша, тағы сегіз адам жараланған.

Жарылыс пен өрт Бағдадтан оңтүстікке қарай 50 шақырым жерде, Ирак армиясы мен полициясының штаб-пәтері саналатын Калсу базасында түнгі сағат 1-де болды. Бұл 2011 жылы Ирак әскеріне берілген АҚШ-тың бұрынғы базасы.

Израильдің Иранға жасаған әуе шабуылынан кейінгі күні болған жарылыстың себебі белгісіз, тергеу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары