21 сәуірге арналған ауа райы болжамы: кей өңірде дауылды ескерту жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Өңірлерде шаңды дауыл болуы ықтимал

Фото: istockphoto.com

21 сәуір күні еліміздің бірқатар аймағында жел тұрып, найзағай ойнауы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұлытау облысы

Өңірде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел күтіледі, облыстың батысында, орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қ.: 21 сәуірде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел күтіледі, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қарағанды облысы

Облыстың шығысында, оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел күтіледі, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.

Жетісу облысы

Аймақта солтүстік-шығыстан жел соғады, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 24 м/с.

Маңғыстау облысы

Күндіз Маңғыстау облысының шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысы

Облыста оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Түркістан облысы

Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с. Шымкент қ.: 21 сәуірде шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 21 сәуірде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы

Күннің екінші жартысында Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 21 сәуірде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысы

Облыстың таулы аудандарында найзағай күтіледі. 21-22 сәуірде облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, 21 сәуірде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 23 сәуірде кей уақытта найзағай күтіледі.

Ақтөбе облысы

Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысы

Облыстың шығысында, орталығында шаңды дауыл сақталады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде облыстың шығысында, орталығында, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с. Қызылорда қ.: 21 сәуірде күндіз шаңды дауыл сақталады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан

Алматы облысы

2024 жылдың 20-22 cәуір аралығында жылымықтын әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында (2000 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.