Қазақстандық фильм халықаралық фестивальде бас жүлдені жеңіп алды

Автор: Azattyq Rýhy

40 жылдық тарихы бар фестивальге жыл сайын 50 мыңға дейін адам жиналады

Фото: freepik.com

Қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың туындысы Брюсельдегі фантастикалық фильмдердің халықаралық фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy 24KZ-ке сілтеме жасап.

«Дала қасқыры» жұмысы «халықаралық фильм» аталымы бойынша үздік деп танылды. 40 жылдық тарихы бар фестивальге жыл сайын 50 мыңға дейін адам жиналады. Биыл онда 60 туынды көрсетілген.

«Енді «Дала қасқыры» менің сүйікті фильмдерімнің тізімінде болады. Маған қатты ұнады. Әрбір кадры – нағыз туынды. Әйгілі шебер Иероним Босхтың суреттерін көріп отырғандай сезімде болдым. Режиссердің бұл жұмысы қазақстандық киноны жаңа деңгейге шығарады деп ойлаймын. Көруге тұрарлық туынды. Рақмет, Қазақстан!»,- деді фестивальдің баспасөз менеджері.