Астанаға ШЫҰ-ға мүше елдердің қорғаныс министрлері келеді

Автор: Azattyq Rýhy

Іс-шара 2024 жылдың 26 сәуірінде өтеді

Фото: РИА Новости

Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлерінің кеңесі өтеді. Бұл туралы Azattyq Ruhy Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шара 2024 жылдың 26 сәуірінде өтеді. Аталмыш кеңес Қазақстан Республикасының Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына төрағалығы шеңберінде ұйымдастырылып отыр.

Ведомство мәліметінше, Кеңес қызметі әскери саладағы сенім шараларын нығайтуға, жауапкершілік аймағында бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесуге, өңірлік қауіпсіздіктің жаңа сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлеріне қарсы тұруға бағытталған күш-жігерді үйлестіруге бағытталған.

Оған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының басшылары, оның Бас хатшысы, ұйымның Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы атқарушы комитетінің директоры және Беларусь Республикасының қорғаныс министрі келеді деп күтіліп отыр.