Өскеменде пара алған полицей 3,5 млн теңге айыппұл арқалады

Автор: Azattyq Rýhy

Слндай-ақ, ол полиция подполковнигі шенінен айырылды

Фото: istockphoto.com

Өскемен қаласында пара алған полиция қызметкері 3 жарым млн теңге айыппұл төлейді. Бұл туралы Azattyq Rýhy  қалалық №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Соттың мәліметінше, полицей айып тұрағына қойылған автокөліктерді қабылдау-тапсыру актілерін және алуға рұқсаттарды заңсыз бергені үшін 100 000 теңге көлемінде пара алған.

Сот барысында айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындап, істегеніне қатты өкінетіндігін білдірді. Істі жеңілдететін мән-жай ретінде оның қарауында кәмелетке толмаған балаларының бары да ескерілді.

«Сот шешімімен полиция қызметкеріне 3 500 000 теңге айыппұл салынды. Ол полиция подполковнигі шенінен айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ», - делінген ақпаратта.