Астана мектептеріне шабуыл жасалады - полиция желідегі хабарламаның жалған екенін мәлім етті

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл жарияланым шындыққа жанаспайды

Фото: t.me/Astanahorror

Әлеуметтік желіде Астана мектептеріне қарулы шабуыл жасалатыны туралы хабарлама тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Хабарламада шабуылдың болжамды күні 19 сәуір деп көрсетілген.

Астана полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

«Дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратқаны үшін 5 000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе 5 жылға бас бостандығынан айыруға жазаланатынын еске саламыз», – деп атап өтті полиция.