Түркияда 5,6 балдық жер сілкінісі тіркелді

Автор: Azattyq Rýhy

Жер сілкінісі 5,99 шақырым тереңдікте болды

Фото: istockphoto.com

Түркия астанасы Анкарадан солтүстік-шығысқа қарай 368 шақырым жерде орналасқан Токаттың Сұлусарай ауданында магнитудасы 5,6 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияның Апаттар және төтенше жағдайларды басқару басқармасының (AFAD) хабарлауынша, сағат 18:11-де жер сілкінісінің ошағы Сұлусарай аймағында 5,6 балдық жерасты дүмпуі тіркелген.

Жер сілкінісі 5,99 шақырым тереңдікте болды. Көрші провинцияларда да сезілді.

AFAD жер сілкінісінің айналасындағы оқиғаларды бақылап жатқанын жеткізді.