$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.04.2020, 23:29
Жаңалықтар

Алматы облысының Сарыөзек кенті карантинге жабылады

Карантин 18 сәуір күні басталады

Алматы облысының Сарыөзек кенті карантинге жабылады
Фото: Батыржан Беспаев

Коронавирус инфекциясының бірнеше дерегі тіркелуіне байланысты індеттің таралуына жол бермеу мақсатында Кербұлақ ауданының Сарыөзек кенті карантинге жабылады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

«Аталған қаулыда карантин кезіндегі шектеулер, санитарлық-дезинфекциялық шаралар туралы егжей-тегжейлі атап көрсетілген. Қаулы талаптарына сәйкес Сарыөзек тұрғындарының үйден шығуына тыйым салынады. Бір отбасыдан тек бір адамға ғана күніне бір рет азық-түлікке, дәріханаға, бірінші кезектегі қажеттіліктер алуға шығуына рұқсат етіледі. Карантин режимін бұзған азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады», - делінген хабарламада.

Атап өтсек, Сарыөзектегі карантин 18 сәуір сағат 00.00-ден 1 мамырға дейін созылады деп белгіленген.

Серіктес жаңалықтары