Дубай әуежайын су басты: Алматы мен Астанаға қатынайтын рейстер тоқтатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Рейстердің мәртебесін әуежайдың ресми сайтынан тексеру сұралады

Бейнеден кадр

Air Astana Дубай қаласында нөсерлі жауын салдарынан әуеайлақты су басуына байланысты KC206 Дубай-Астана және KC898 Дубай-Алматы рейстері 16 сәуірден 17 сәуірге ауыстырылатынын нақтылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әуе компания жолаушыларды қонақ үйге орналастыру және тамақтандыру үшін барлық шараларды қабылдап жатқанын айтады.

Рейстердің мәртебесін әуежайдың ресми сайтынан тексеру сұралады.