Республика бойынша найзағай ойнап, тұман түседі
«Қазгидромет» РМК бүгінге, 17 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстан территориясының басым бөлігінде күн жаңбырлы болады.
Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, қиыр шығысында күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейіп, оңтүстікте дауыл тұрады, солтүстікте бұршақ жауыы ықтимал.