Алматы облысында коронавирус жұқтырған тағы 8 адам анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл 8 науқас жалпы 61 адаммен байланыста болған

Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны тағы 8 адамға артты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

«Іле аудандық ауруханасының фильтріне жүгінген аталған ауданының 3 тұрғынының кеудесі рентгенге түсіріліп, олардан өкпе қабынуы анықталған. 1985, 1971 және 1967 жылы туған бұл азаматтармен 23 адам байланыста болған. Олардың бәрі оқшауландырылды. Ал Кербұлақ ауданында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 5 адам тіркелді. Олардың ең үлкені 35 жаста, ең кішісі 3 жасар. Сырқаттармен байланыста болған 38 адам карантинге алынды», - деп жазылған хабарламада.

17 сәуірдегі сағат 20.00-дегі жағдай бойынша Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны 37-ге жетті.