Ливан WhatsApp қосымшасын пайдаланушыларға салық салмақ

Автор: Azattyq Rýhy

Ливан билігінің WhatsApp-ты пайдаланушыларға салық салу туралы шешімі наразылық шеруіне себеп болды

Фото: bbc.com

Бейрут қаласында жүздеген адам үшінші күн қатарынан наразылық шеруін өткізіп жатыр, деп жазады ВВС.

«Наразылық шеруі мемлекеттің түкпір-түкпірінде 17 қазан күні басталды. Оған Үкіметтің салық саясатына өзгеріс енгізуі, әсіресе, WhatsApp және басқа да қосымшаларды қолдануға айына 6 доллар салық салуы себеп болды. Наразылық күшейген соң билік бұл шешімнен бас тартты, дегенмен, шерулер тыйылмай тұр», - деп жазады басылым.

Мемлекеттің Премьер-министрі Саад Харири үкімет коалициясына проблеманы шешу үшін дүйсенбіге дейін уақыт берді.

Айта кету керек, Ливан – әлемдегі сыртқы қарызы ең көп мемлекеттердің бірі. Мемлекеттің қаржы министрлігінің хабарлауынша, Ливанның мемлекеттік  қарызы 86 млрд долларды құрайды, бұл елдің ІЖӨ-нің 150%-ы.