Ақмола облысында жолды су басып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Жол учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелген

Фото: istockphoto.com

Ақмола облысында жолды су басып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

14 сәуірде, сағат 21:00-ден бастап еріген су деңгейінің көтерілуіне және жол бөлігін су басуға байланысты республикалық маңызы бар жол учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс уақытша жабылды.

«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметінше, Максимовка ауылынан Атбасар қаласына дейінгі 120-184 шақырымдағы Көкшетау-Атбасар жолы жабық.