«Су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін»: «Қазгидромет» болжамы жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

ШҚО-да орналасқан таулы өзендерде су тасқыны кезеңі «әдетте» жазық өзендерден кейін өтеді

Фото: Парламент Мәжілісі

«Қазгидромет» су тасқынының екінші толқынының болу қаупі бар екенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазгидромет» РМК  баспасөз хатшысы Алина Исмагулованың айтуынша, бұл Солтүстік Қазақстан облысының аумағында Ақмола облысының аумағындағы салалар бойынша Есіл өзені бойынша судың түсуі есебінен (Жабай, Қалқутан және т.б.); Батыс Қазақстан облысының аумағында РФ аумағынан Жайық өзені арқылы судың түсуі есебінен; Атырау облысының аумағында Батыс Қазақстан облысының аумағынан Жайық өзені арқылы судың түсуі есебінен орын алуы мүмкін.

«Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан таулы өзендерде су тасқыны кезеңі «әдетте» жазық өзендерден кейін өтеді. Қазіргі уақытта Ақмола облысының аумағында Есіл өзенінің кейбір салаларында су тасқыны шыңдары өтіп жатыр, бұл Есіл өзенінде су деңгейінің қайта көтерілуіне себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ, су деңгейінің көтерілуі Нұра өзенінің төменгі ағысында жалғасуда», - деді спикер Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.