Су тасқынына байланысты тағы бір форум өтпейтін болды

Автор: Azattyq Rýhy

Осыған дейін Астана халықаралық форумы өткізілмейтіні хабарланған

Фото: ҚР ТЖМ

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ағымдағы жылдың 25-26 сәуіріне жоспарланған Қазақстан машина жасаушыларының ХІІ форумы елдің аумағын шарпыған ауқымды су тасқынына байланысты өткізілмейтіні және 2025 жылға ауыстырылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ведомство мәліметінше, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, министрлік зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлерді қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды үйлестіру және жүзеге асыру жөніндегі жауапты орган болып тағайындалды.

«Министрлік іс-шараға қызығушылық танытқаны үшін шынайы алғысын білдіреді және оның тоқтатылуына байланысты туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Министрлік іс-шараға танытқан қызығушылық үшін алғыс білдіреді және оның өтізілмеуіне байланысты туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жойқын су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін басқа шараларға жұмсалатын қаржыны барынша үнемдеу қажет екенін ескере отырып, биылғы 13-14 маусымға жоспарланған Астана халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылдағаны хабарланған.