ТЖМ өрт қауіпсіздігінің барлық ережелерін сақтауды ұсынады
Астанада жатақхана өртенді. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Елордалық өрт сөндірушілер 500 шаршы метр аумақты шарпыған жатақханадағы өртті сөндіруде», - делінген хабарламада.
ТЖМ өрт қауіпсіздігінің барлық ережелерін сақтауды ұсынады.
Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 06:07-де толықтай жойды.