Жинаған қаржысын Құлсарыға көмек ретінде берген 11 жасар қыздың әрекетіне жұрт сүйсінді

Автор: Azattyq Rýhy

Көмек ретінде ұсынылған қаражаттың жанында арнайы жазылған хат та бар

Бейнеден кадр

Кентау қаласында су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жиналып жатыр. Бүгін таңертен орталық алаңға анасына еріп келген 11 жастағы Гауһар Шәймерден өзінің жыл бойы жинаған қаражатын көмек қабылдаушыларға табыс етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 Көмек ретінде ұсынылған қаражаттың жанында арнайы жазылған хат та бар. 

«Құлсарыға Кентаудан сәлем!» деп басталатын жазбада жасөспірім кентаулық оқушылардың өздерімен бірге екенін жазыпты. 

«Мен сіздердің ауыр жағдайларыңызды көріп, қатты уайымдадым. Сіздер қазақтың батыр ұлдары мен қыздарысыздар. Сондықтан бұл қиындықтан аман-есен өтетіндіктеріңізге сенімдімін», - делінген хатта.