Армения мемлекетінің басшылығымен келіссөздер жүргізеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15 сәуір күні Арменияға бір күндік ресми сапармен барады. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан Президенті Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинянмен және Президент Ваагн Хачатурянмен келіссөздер жүргізеді.
Мемлекет басшысы сапар аяқталғаннан кейін Ереваннан еліміздің қарғын су басқан облыстарының біріне ұшып кетеді.