Ол финалда өзбекстандық Жабраил Шапиевті 5:2 есебімен жеңді
Еркін күрестен Қазақстан құрамасының үздігі Азамат Дәулетбеков қатарынан үш дүркін Азия чемпионы атанды. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
86 келіде сынға түскен Азамат финалда өзбекстандық Жабраил Шапиевті 5:2 есебімен жеңді.
Осылайша, өз салмағында үш дүркін Азия чемпионы атанды.
Бұған дейін Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатынан бөлек, әлем біріншілігінде екі рет қола жүлдегер атанған.