17 сәуір сағат 12:25-гі жағдай
Елімізде COVID-19 вирусын жұқтырған тағы 10 адам анықталып, барлығының саны 1480-ге жетті деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Жаңа тіркелген науқастардың бесеуі Нұр-Сұлтан тұрғындары. Тағы 4 адам Ақтөбе облысында тіркелсе, оныншысы Түркістан облысының тұрғыны.
- Алматы – 461
- Нұр-Сұлтан – 333
- Қызылорда облысы – 143
- Қарағанды облысы – 87
- Ақмола облысы – 81
- Атырау облысы – 72
- Жамбыл облысы – 53
- Түркістан облысы – 56
- Шымкент – 46
- СҚО – 29
- Алматы облысы – 29
- БҚО – 30
- Ақтөбе облысы – 18
- Павлодар облысы – 15
- Маңғыстау облысы – 12
- ШҚО – 8
- Қостанай облысы – 7
Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың 285-і ауруынан айығып шықты. 17 адам қайтыс болған.