Республикалық маңызы бар 13 автомобиль жолында қозғалысқа шектеу қойылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 323 бірлік техника мен 462 адам жұмылдырылған

Фото: ТЖМ

2024 жылғы 7 сәуірдегі сағат 22:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 5 облыста (Ақмола, Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай) 9 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3430 метр болатын су тасқыны болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.

7 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 13 автомобиль жолдарында (ұзындығы 650 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 323 бірлік техника мен 462 адам жұмылдырылған.