Әскери ұшқыштар су тасқыны болған өңірлерге 300-ден аса мәрте қатынады

Azattyq Rýhy

Екі мыңнан астам адам эвакуацияланды

Әскери ұшқыштар су тасқыны болған өңірлерге 300-ден аса мәрте қатынады
Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі

Әскери ұшқыштар су тасқыны болған аймақтарға 300-ден астам рет ұшты. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулин ОҚК брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оның айтуынша, 27 наурыз бен 6 сәуір аралығында ҚР ҚК жеке құрамы 2 мыңнан астам адам, 105 бірлік әскери техника, 15 тікұшақ, сондай-ақ 4 ұшақ жұмылдырылған. ҚР ҚК жеке құрамымен 2 мыңнан астам адам эвакуацияланды, оның ішінде 625 бала бар. Тікұшақтар 296 рет және ұшақтар 7 рет ұшты.

Сондай-ақ, 79 мың келі гуманитарлық жүк тасымалданды. Қостанай, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарындағы, сондай-ақ Абай облысындағы су басу аймақтарынан адамдарды эвакуациялау жүзеге асырылды.

«Президенттің тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта Ақтөбе облысының Ойыл ауданына әскери инженерлер келді. Қазіргі уақытта олар 150 адамды эвакуациялады», - деді Руслан Жангулин.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.